«Аузыңа түкіріп жіберейін бе»: Төреғали Төреәлінің сахнадағы әрекеті желіні шулатты (ВИДЕО)

коллаж: MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
713

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі концерттерінің бірінде көрерменмен әзілдесіп, жұрттың назарын аударды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода әнші сахнада су ішіп тұрып, өзіне жақындаған жас балаға әзілмен «Аузыңа түкіріп берейін бе?» деп сұрайды. Артынша ол бұған дейін пакет ұстап қасына келген апаны есіне алып, болған жайтты әзілге айналдырған. Әншінің сөзінен кейін залдағы көрермендер күлкіге қарық болды.

Бұл әзіл қазақ арасында кездесетін «өнерлі адамның аузына түкіру» ырымымен байланысты. Ел ішінде танымал, өнерлі адамның қасиеті балаға жұғысты болсын деген ниетпен осындай ырым жасалған.

Төреғали Төреәлі бұған дейін де концерттерінде көрермендермен еркін сөйлесіп, сахнадағы тосын әрекеттері мен әзілдері арқылы әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен.

Желі қолданушыларының пікірі әртүрлі. Бірі мұны қазақтың ескі ырымымен байланысты қарапайым әзіл деп қабылдаса, енді бірі мұндай дәстүрлерге қатысты өз көзқарасын білдірген.

"Ең жек көретінім осы түкірік қой", "Еркелігіңнің өзі бір төбе ғой", "Ішіп алған ба?", - деген секілді пікірлер жазылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...