Әнші Тамара Асар зауыт ашқалы жатыр

Фото: инстаграм парақшасынан

Шоу-бизнес
2026

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тамара Асар «Таңшолпанға» берген сұхбатында самаурынды тілге тиек етіп, жаңа кәсіп бастағалы жатқанын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz El.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақы стильде самаурын шығаруды армандайтын едім. Менің жолдасым өндірістің адамы, темір-терсектің айналысында жүр. Бір күні маған өзінің зауытынан самаурын шығару туралы идеясын айтты. Алдағы қазан айларында алғашқылары шығады. Қазақы қылып шығарғымыз келеді. Бүге-шүгесі көп, қолмен жасайтын дүниелер бар. Қазақ психологқа бармаған. Олар дастархан басында шай ішіп отырып, терапия жасаған. Ренжіскен адаммен қант қосып, шай ішкен соң, қуаныш гормондары бөлініп, оны кешірген. Қазақ ғылыми атауын білмесе де, барлық дүниеден хабардар болған, - дейді әнші Тамара Асар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...