“Өмір мен ойлағандай болмай шықты”: Төреғали Төреәлі тұңғышының диагнозы туралы айтты

Фото: sn.kz

Шоу-бизнес
458

Танымал әнші Төреғали Төреәлі тұңғышы Кәусар туралы айтып, оған шығарылған әннің тарихын баяндады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

"2016 жыл болуы керек Баян Мақсатқызының "Қазақ аруы" жобасын жүргізгелі тұрмын. Астанада, сахнадамын.  Сол кезде телефоныма хат келді. Ол кезде Кәусардың аты Томирис еді. "Томидің диагнозын қойды, ДЦП" деп жазып жіберген. Өзімнің сол кезде жұлдызды сәтім енді басталған, сахнаға шығайын деп тұрмын. Төбемнен су құйып жібергендей болды. Сол хатты оқығаннан кейін сахнаға қалай шықтым, кешті қалай жүргіздім ешнәрсе есімде жоқ. Сол сәттен бастап маған атақ деген қызық емес болып қалды. "Иттің зары Құдайға қабыл болса, аспаннан сүйек-саяқ жауар еді ғой" дегендей өмір мен ойлағандай болмай шықты. Мен қызымды Алланың жіберген сынағы емес, нығметі деп қабылдаймын. Аллаға шүкір, біздің үйіміздің гүлі. Алланың маған берген байлығы да, бақыты да осы қызым үшін беріліп жатқан сияқты", - деді Төреғали Төреәлі. 

Осы тұста желі қолданушылары әншіні қолдап: "Өзім де солай ойлайтын едім. Осы бақ дәулеттің барлығын осы үлкен қызы ұстап тұрған шығар деп. Бірақ оны жазып, айту деген мен үшін ауыр болған соң жазбайтын едім. Төреғалидің өзі айтып қалды", "Қыз - нығмет! Қыз - сыйы Алланың", "Ең керемет әке дер едім" деген секілді пікірлер жазған.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...