«Өмірімде тағы не жетпейді?»: Мәдина Сәдуақасова оқырмандарын ойландырып қойды

коллаж MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
727

Қазақстандық әнші Мәдина Сәдуақасова туған күніне орай әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Өнер иесі мерекелік фотосессиядан кадрларымен бөлісіп, бұл күнді ерекше көңіл күймен қарсы алғанын жеткізді. Әнші туған күнінде ойына келген дүниелерді жасауды жөн көргенін әзілмен жазған.

«Бүгін ойға келген заттарды жасайтын күнім. Тіпті осы суреттерде тұрып та, жатып та түстім. Ал, туған күніңмен, Мадикош! Осы Мадинаға өмірінде тағы не жетпейді деп ойлайсыздар?» – деп жазды Мәдина Сәдуақасова.

Әншінің жазбасы оқырмандарының назарын аударып, желі қолданушылары өнер иесін туған күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...