Танымал әзілкеш, актер Қайрат Әділгерей келіншегімен ара қатынасы жайлы айтты, деп хабарлады Мadenip...
«Ақша тап отыра беруім керек пе еді»: Ақбота Керімбекова бұрынғы күйеуі туралы шындығын айтты
Сурет ашық дереккөзден алынды
Танымал әнші Ақбота Керімбекова Ләйлә Сұлтанқызымен сұхбаттасты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Әнші өткен өміріне шолу жасап, өкінішін жасырмады.
«Бәлкім мен ер азаматқа өзінің міндетін атқаруға мүмкіндік бермедім бе... Кейде мықтылық танытып кеттім деп ойлаймын. Әлсіз болып, иілуім керек пе еді деп те ойлаймын. Тізгінді ер азаматқа беруім керек еді. Әйел өзі солай ғой, аш отырсақ бәрін өзіміз істеп кете береміз. Кішкентайымнан өз тірлігімді өзім істеп қалған адаммын. Бәлкім, сол кезде ерекелеп отыра беруім керек пе еді, ақшаны қайдан тапсаң одан тап деп. Біз жаңа егемендік алып, арпалыс кезеңінде бой жеттік. Әйел адамдар саудаға кірісті. Ешкімге өкпем жоқ. Алладан оның амандығын тілеймін», - деп айтты Ақбота Керімбекова көзіне жас алып.
Айта кетейік, Ақбота Керімбекова келін түсіріп, үлкен тойға дайындалып жатыр екен.