Белгілі «Яшлык» ансамбліне 50 жыл толды

www.gov.kz

Шоу-бизнес
3079

Еліміздің музыка тарихында ерекше орны бар «Яшлық» вокалды-аспаптық ансамблінің құрылғанына биыл 50 жыл толды.

Мерейлі датаға орай «Яшлық» ансамблі Республика сарайында екі күн қатарынан дүркіретіп концерт берді. Концертке «Дос-Мұқасан» тобы арнайы келіп, жылы лебізін білдірді.

«Яшлык» ансамблі 1974 жылы құрылған. Ұлттық музыканы халық аспаптарымен үйлестіріп, жаңа өңдеумен ұсына білген топ бірнеше мәрте халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанды.

Іс-шараға «Дос-Мұқасан» ансамблі, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Дильназ Ахмадиева мен Әлішер Кәрімов, әнші және композитор Парвиз Назаров, сондай-ақ «Яшлык» ансамблінің қазіргі құрамы мен қазақстандық және ұйғыр эстрадасының жұлдыздары қатысты.

Концертте ансамбльдің 70–80 жылдардағы хиттері мен танымал әндердің заманауи өңделген нұсқалары орындалды.

Өнер ұжымына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ықылас гүлі табыс етілді.

#яшлықтобы #50жыл

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде тоғыз жыл бұрын жоғалып кеткен бір жарым жастағы Айшаның тағдыры әлі күнге дейін белгісіз. Қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтау қаласында төрт баланың анасы күйеуінің соққыға жығып, қолын сындырғанын айтып, көмек сұраған,...