«Светадан қалмау керек»: Қайрат Нұртастың анасы елге не үшін жақпай қалды

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
841

Қайрат Нұртастың анасы Шымкент қаласынан жаңа кәсіп бастаймын деп сынға қалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында сүйінші сұрап хабарлаған еді. 

"Күшті жаңалық! 7.08.2025 — есте қалатын күн. Себебі, дәл осы күні @kn_vista_bar салтанатты түрде ашылады.
Бұл — жаңа деңгей, жаңа орын, ерекше атмосфера мен сапалы сервис отауы. Жүректен шыққан үлкен арман енді жүзеге асты.
Құттықтауларыңызды қуана қабылдаймын". 

Бұдан бөлек Қайрат Нұртастың өзі де сүйінші жаңалығын мейхамханасының парақшасында хабарлаған. Бұл жаңалыққа пікір білдірушілер екіге бөлінді. Желі қолданушыларының көп бөлігі өз құттықтауларын жолдап жатса, сынап, басқа кәсіп ашуға шақырғандар да аз емес. Танымал тұлғалардың сүйінші сұрап жазғанына көңілі толмағандардың арасында "Кафе, ресторан аша бергенше, балабақша ашыңыздар. Халыққа шамалы да болса пайда тигізіп", "Негізі ресторанды әйелі мен бала-шағасы ашуы керек қой", "Светадан қалмау керек қой", - деген пікірлер жиі кездеседі. 

Шоу-бизнес

Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы экс-күйеуінің үстінен рес...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда ер адам адам зейнеткерді өлтірген соң қашамын деп полиция ғимаратына барып тығылған, деп хаб...