Атышулы блогерді ата-анасы сотқа берді

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
588

Біраз уақыт бұрын Juzzefina лақап атымен танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева тікелей эфирде шоу-бизнестегі құпияларды айтып отырып, өзін туған әкесі зорлағаны туралы ақпаратты да мәлімдеген болатын, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Turkistan.tv мәліметінше, Қостанай облысының Полиция департаменті бұл факті бойынша тексеру жүргізіп, блогер айтқан ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін жеткізді.

«Әлеуметтік желілерде блогердің қатысуымен түсірілген бейнематериалдар таралуда. Онда ол әкесінің тарапынан бала кезінде өзіне қатысты құқыққа қарсы жыныстық іс-әрекеттер жасалғанын мәлімдейді. Тікелей эфир барысында бойжеткен балағат сөздер айтып, өзін орынсыз ұстаған. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, туыстарынан жауап алып, жарияланған материалдарды зерделеді. Ата-анасының айтуынша, бейнематериалдарда келтірілген мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. Сондай-ақ олар қыздарымен ұзақ уақыттан бері байланыс жасамайтынын хабарлаған. Тараптардың барлық уәждері тексерілетін болады», - делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ, сол жағдайдан кейін блогердің ата-анасы оған қарсы арыз жазған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белсенді Санжар Боқаев пен Ұлан Нүсіпқожаны қамауда ұстау мерзімі 18 қыркүйекке дейін ұзартылды, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Respublica партиясы жаңа Құрылтайда партия атынан өкілдік ететін депутаттардың тізімін жариялады, де...