«Ажырассақ та соңымнан қалмады»: Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуі жайлы айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
2898

Тележүргізуші Дана Нұржігіт әріптесі Динара Сәтжанға берген сұхбатында бұрынғы күйеуінің шектен шыққан әрекеттері туралы ашық айтқан, деп хабарлады madeniportal.kz.

Бұл туралы тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Мен жарты жыл депрессияда жүрдім. Психотерапевтермен жұмыс істедім», - дейді Дана Нұржігіт сұхбаттың үзіндісінде.

Журналист ажырасқан соң да бұрынғы күйеуінің қудалауынан құтыла алмаған. Адамды аңдып, үнемі оны күзету сталкинг деген атаққа ие. Бұл еліміздегі заңда жазылмаған бап.

«Олар өзінің құрбаны жайлы ақпарат іздейді. Алайда сталкер сенің бұрынғы күйеуің болса, бәрі одан бетер тез өрбиді. Бірақ Дана мойымай, сотта бұрынғы күйеуі кінәлі екенін дәлелдей алды. Осы жазда оны Қылмыстық кодекстің 147 бабы бойынша 3 жылға шартты түрде соттады. Ол жеке өмірге қол сұқпау тәртібін бұзған», - деп жазды Динара Сәтжан. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семей қаласында полиция қызметкерлері түнгі уақытта автомобиль көпірінің тікелей жол жүру бөлігінде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада автобус жүргізушісі белгіленген аялдамаға тоқтамай өтіп кеткеннен кейін жолаушы мен жүргізу...