“Қатты ренжістім”: Ақерке Арыс енесімен қарым-қатынасы туралы ашық айтты

Фото: инстаграм парақшасынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
594

Танымал актриса Ақерке Арыс енесімен қарым-қатынасы туралы ашық айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Отбасылық құндылықтар мен мәселелер туралы ол 7-арнадағы «Жарқыраған жұлдыз» бағдарламасында айтып берген. 

Актрисаның айтуынша, келін мен ене арасындағы шынайы сыйластық шекараны дұрыс қоюдан басталады.

«Шынымды айтсам, енеммен қатты ұрсыстым. Қатты ренжістім. Өте қатты жақын да болдым. Күлдім де, құрбы да болдым. Қызы да болдым, келіні де болдым. Бірақ келінді қызымдай көремін деген нәрсеге қарсымын. Барлық адам өзінің орнында болуы керек. Өтірік істемеу керек. Келін бе? Келін! Қызың ба? Қызың! Ене ме? Ене! Сыйластық, шекара болуы керек», – деді Ақерке Арыс. 

Актриса енесімен үш жыл бірге тұрып, кейін жеке шыққанын айтты. Оның пікірінше, бөлек тұру жас отбасы үшін маңызды тәжірибе береді. Бөлек тұру жас отбасыға өзгеше әсер етеді дейді ол.

«Енеммен үш жыл бірге тұрдық. Қазір бөлек тұрып жатқанымызға бір жыл болды. Енеңмен тұрғанның бір жақсысы, өзіңнің білмегеніңді үйретеді, қиындықтар болғанда да үлкен адаммен түрған жеңіл. Бірақ бәрібір де ата-ана баласы есеюі үшін оны бөлек шығаруы керек деп ойлаймын. Себебі біге тұрғанда сол кісіге пйту керек, ақылдасу керек деген ой тұрады», — деді актриса. 

PESTEL

Иранға қарсы әскери операциядан кейін Израиль жаһандық қауіпсіздік шараларын күшейтуде, деп хабарлай...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада кафе иесі әйелдің екі саусағын балтамен шапқан оқиға қоғамда резонанс тудырды. Бұл турал...