Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті Барак Обама мен жұбайы Мишель Обама продюссер болады.О...
«Құдайға шүкір, тірімін!»: Бағлан Әбдірайымов елді дүрліктірген суыт хабарға жауап берді
ашық дереккөз
«Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов өзі туралы тараған жұртты шошытқан ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. Өнер иесі аман-есен екенін айтып, алдағы шығармашылық жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Әншінің айтуынша, туған күнін атап өткеннен кейін таныстары хабарласып, әлеуметтік желіде тараған алаңдатарлық ақпарат туралы сұрай бастаған.
«Туған күнге әдемі тілек айттыңыздар. Үлкен рақмет. Туған күннің құрметіне кішігірім көкпар өткіздік. Ол да керемет өтті. Құран оқыттық, бата алдық. Азаматтарды атқа мінгіздік. Бала-шағаммен шай іштік», – деді әнші.
Бағлан Әбдірайымов туған күнінен кейін жұмысына кірісуге дайындалып жатқанда күтпеген хабар алғанын жеткізді. Ол ел арасында тараған ақпараттың жұртты алаңдатқанын айтып, өзінің аман екенін мәлімдеді.
«Енді жұмысқа кірісейік деп жатсақ, мынадай хабарлама келіп жатыр. Таныстарым хабарласты. Кәдімгідей ел шошитындай, адам шошитындай осындай жаңалық бола ма? Құдайға шүкір, тірімін. Қаншама әндерім бар. Дайындап отырған үш хит әнім бар. Енді қызық болады», – деді өнер иесі.
Сонымен қатар әнші шығармашылығын жалғастырып жатқанын және тыңдармандарына үш жаңа ән дайындап отырғанын айтты.
Осылайша, Бағлан Әбдірайымов өзі туралы тараған алаңдатарлық хабарға жеке түсініктеме беріп, тыңдармандарын сабырға шақырды.
Айта кетейік, «Жігіттер» тобының әншісі Ердос Қанай суыт хабар жеткізген еді.