Баян Мақсатқызы Астанадағы концерттің өтетін күнін жариялады

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
243

Баян Мақсатқызы Кешьюдің 20 жылдық концертінің Астанада қай күні болатынын жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

19 қыркүйек күні Барыс Аренада шоу болады. Танымал продюсердің айтуынша, концерттік бағдарлама Алматыдағы шоудан 40%-ға жаңартылған. Сондай-ақ, билет бағасы да бірінші концерттегіден екі есе қымбат болатынын есуерткен. Баян Мақсатқызы бұл өзгерісті Барыс Аренада орын саны екі есе аз болуымен түсіндірді. 

Алматыда өткен ауқымды шоудан кейін әлеуметтік желіде Астана тұрғындары да бас қалада өткізуді сұрап көптеген жазбалар жариялаған болатын. Танымал продюскрдің өзі де “Астанада болсын ба” деген сұрақ қойып, көпшіліктің ойын білгеннен кейін көп ұзамай шешім қабылданған болатын. Соны ескеріп, Баян Мақсатқызы астаналық көрермендерге билеттің ертеңнен бастап сатылымға шығатынын, кейінге қалдырмай бірден алуға шақыратынын, билет саны екі есе аз екенін айтып өтті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

6 қыркүйекте саяжай қоғамдастықтарының бірінен 43 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің денесі табы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қабардин-Балқариядағы Безенги шатқалында Мижирги тауының баурайынан қар көшкіні түсіп, 11 альпинист...