«Ұрлықшы сияқты болып тұрмын»: Мақпал Жүнісова өзін ыңғайсыз жағдайға қалғанын айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
664

Халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желілерде жасанды интеллект арқылы жасалған, ағылшын тілінде орындалған әнге қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлады madeniportal.kz.

Әншінің дауысын қолдана отырып жасалған видео желіде кең тараған болатын. Әлемдік әншілер Розе мен Бруно Марстың орындауындағы «АРТ» хиті жасанды интеллект көмегімен Мақпал Жүнісованың дауысымен орындалған.

Өнер иесі бұл бейнероликке қатысты «Ел арна» телеарнасына сұқбат беріп, көңілінен шықпағанын айтып, өз даусын пайдаланғандарға ескерту жасады. Мақпал Жүнісова бұл жағдайды орынсыз деп бағалап, мұндай әрекеттерге қарсы екенін жеткізді.

Бәрі таратып жатыр, бірақ маған ұнамайды. Ауылда туған қазақтың қызымын ғой. Бұлар заңды бұзып отыр. Менің орындамаған әндерімді мен орындады деп отыр. Қазір қатты таратып жатыр. Мен ағылшынша орындамағаннан кейін ұрлықшы сияқты болып тұрмын. Өзімді кінәлі сезініп тұрмын. Сосын маған мұндай жараспайды екен. Өзім қазақтың иісі аңқыған қызбын ғой, қазақ тілінде ғана жақсы орындай аламын деп айта аламын, дейді әнші.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін – «Наурызнама» онкүндігінің соңғы күні. Бұл күні республика бойынша түрлі ұл...

Шоу-бизнес

Танымал блогер, психолог Айнұр Тұрсынбаева құдалары жайлы сөз етті, деп хабарлайды MADENIPORTAL...