Танымал әнші Сиви Махмуди жеке өміріндегі соңғы жаңалықты бөлісті, деп хабарлады Мadeniportal.kz....
Жазира Байырбекова денсаулығына байланысты оқырмандарына өтініш жасады
әлеуметтік желіден
135
Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі жазбасымен оқырмандарын алаңдатып қойды. Өнер иесі денсаулығына байланысты үйде жатқанын аңғартып, тезірек сауығудың жолын сұрады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Әнші сырқатының нақты неден болғанын және қандай белгілер мазалап жүргенін ашып айтпаған.
«Ауырмаса үйде бос жатпайтын Жазирам-ай! Тез жазылатын жолдарын айтып жіберіңіздер», – деп жазды әнші.
Осылайша, үнемі шығармашылықпен және күнделікті тірлікпен белсенді жүретін өнер иесі бұл жолы амалсыз тынығуға мәжбүр болғанын жеткізді. Жазира Байырбекова оқырмандарынан тез сауығып кетуге қатысты кеңес сұрады.