“Бір қалам алып бермейтіні жаныңа батады”: Фариза Бекібай экс-жар туралы сөз қозғады

Фото: Жи

Шоу-бизнес
234

Актриса Фариза Бекібай “Табу” бағдарламасында ажырасқаннан кейінгі отбасылық қарым-қатынасы туралы айтты. Ол бұрынғы енесін ерекше құрметтейтінін жеткізіп, балаларының әкесіне қатысты ренішін де жасырмады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Фариза Бекібай бұрынғы қайын жұртымен арадағы сыйластықтың әлі күнге дейін сақталғанын айтты.

“Менің енем – алтын адам. Бұрынғы енем. Шын мәнінде, “мама” ретінде жақсы көремін. Сыйлаймын, құрметтеймін. Сенбі-жексенбі күндері балаларым сол жақта болады. Әкесіне қарағанда сол жақта болады. Сол нәрсе мені алаңдатпайды. Тіпті кейбір кездерде мен түсірілімге кеткен кезде, енеме тастап, қолына ұстатып беріп кетемін. Олармен араластырамын, жақын қарым-қатынастамын. Бұрынғы қайынсіңілдеріммен де жақсы араласамыз. Баяғы сыйластығымыз, қарым-қатынасымыз сақталған”, – деді актриса.

Сұхбат барысында өнер иесі бұрынғы жұбайына қатысты әлеуметтік желіде жазба жариялауына не себеп болғанын да түсіндірді.

“Көп нәрсені өзің жасағаннан кейін әкенің бір қалам алып бермейтіні жаныңа батады. Тіпті аутизмі бар баласы бар екенін біле тұра көмектеспейтіні әйелдің көңілінде үлкен реніш туғызады. Іштегі сұрақтар мазалайды. Соның барлығы сол кезде бұрқ етіп шықты. Ол нәрсені жазамын деп ойлаған жоқпын”, – деді Фариза Бекібай.

Шоу-бизнес

Театр және кино актрисасы Жанаргүл Жаныаманова студенттік шағында белгілі актриса Назгүл Қарабалинан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттард...