«Бір қыз туып алсам»: Белгілі тележүргізуші сәбилі болғысы келетінін жасырмады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
1153

Атақты тележүргізуші Ләйлі Сұлтанқызы болашақта сәби сүйгісі келетінін айтты, деп хабарлады madeniportal.kz kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Қайрат Бейсекеевтің «Zamandas» подкастында сұхбат берді.

Журналисттің бұл ойына қос ұлы екіұшты жауап берген.

«Өткенде үлкен ұлым «Анашым, мен қыркүйекте кеткенде апатай немесе құрбыңызды шақырып алыңыз» дейді. Өткенде ақырын тамырын басып көрдім. Өзім екі жыл ЭКҰ-орталыққа барып жүрдім. Үлкен ұлым қазір, екінші ұлым да 2 жылдан соң кетеді. Ол да шетелде оқығысы келеді. Шын мәнінде жалғыз қалып қалсам, ЭКҰ-орталықта аналық жасуша сақталған. Солай балаларымды тексерейін деп, «бір қыз туып алсам» дедім. Екеуі де таңданып, «анашым, сіз таңғы 4-те тұра аласыз ба?» деді. Қарсылығын білдіре алмай, мүлде басқа жауап айтты. Солай қалжың аралас әңгіме айттым. «Әр қалжыңның астында шындық бар» дейді ғой. Бірақ балаларымның дайын емес екенін түсіндім», – деді журналист.

Журналистің сөзінше, ұлдары қыз бала асырап алуға қарсы емес. Ләйлә Сұлтанқызыны өзі де ойланып, Нұрлан имамнан кеңес сұраған.

«Үлкен ұлым «бір қарындас асырап алайықшы, соның жолын біліңіз» дейді. Кейде бір қыз асырап туралы ойланамын, бірақ қорқамын. Содан Нұрлан имамға хабарластым. Ол кісі «асырап алсаң, бірнеше есе сауап жазылады» деді. Мені қолдады. ЭКҰ арқылы бала жасауға болады, Қайраттың биоматериалы да сақталған. Бір әкеден болғаны жақсы. Бірақ мен қаншалықты ана болуға дайынмын? Кіші балам 15-те. Екіншіден, ол баланы өсіруге шамам жете ме? Қазір 47-де болсам, 60 жасымда баламның жасы 10-нан асып тұрады. Алла жеткізеді дейді ғой, бірақ жүрегімде қорқыныш бар», – деп түйіндеді тележүргізуші.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...