«Бала көтере алмадым»: Ләйлә Сұлтанқызы тұрмысқа шыққаннан кейінгі өмірі жайлы айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
1695

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бала көтере алмай жүрген келіншектермен сұхбаттасты, деп хабарлады madeniportal.kz.

Тележүргізушінің сөзінше, көбіне келіншектерге жақындары медицинаға қарағанда халықтың наным-сенімдеріне сенуді айтады екен.

«Бұтының арасынан өт… Бала көтере алмай жүрген келіншектерге түрлі ырымдарды айтып, көрсетіп жатады. Үмітін үзбейтіндер бәрін жасайды. Көнеді. Сенеді, сенбейді білмеймін. Алтын құрсақты ананың аяғының ортасынан өткізу, әулиеге түнеу, босанған әйелдің, не ер азаматтың іш киімін ұрлау, памперсты сыйлау, емшілерге бару, айтқанын істеу. Бұл мен сұхбат алып жүрген келіншектерден естігенім, білмейтінім қаншама?», - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Тіпті өзі де бұл жайтты басынан өткізгенін жасырмады. Ләйләға тұрмыс құрғаннан кейін бір жылдан соң іш киімін сыйлаған құрбылары да болыпты.

«Өміріңізде мұндай жағдайлар орын алса, бөлісіңіз. Өз басым тұрмысқа шыққан соң бір жылдай көтере алмағанда, босанған әйелдің іш киімін әкеліп берген құрбыларым болды, мен оны прикол деп қабылдадым», - деді тележүргізуші.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте полиция 25 жыл бұрын жасалған адам өлтіру қылмысын ашты, деп хабарлайды madeniportal....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада бала күтуші жұмыс берушілерінің үйінен 1 миллион теңгеден астам сомаға алтын бұйымдарды ұрл...