«Біреуді ренжіттім, қателестім»: Төреғали Төреәлі өміріндегі үлкен өзгеріс жайлы айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
1184

Танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Әнші Астана қаласына көшіп келгенін айтты.

«Бір кездері мен де адастым.
Қателестім.
Біреуді ренжіттім.
Біреудің үмітін ақтай алмадым.
Сол үшін шын жүректен кешірім сұраймын.

Бірақ жүрек әлі тірі.
Сенім әлі бар.
Мен енді бәрін қайтадан бастауға бел будым.
Өзімді — ішкі адамымды — қайта табуға тырысамын.
Отбасымның тірегі, елімнің азаматы, жастарға үлгі болғым келеді.

Астанаға көшіп келдік.
Жаңа қала. Жаңа өмір. Жаңа команда. Жаңа парақ.
Жаңа-ескі-жаңа продюсерімде қасымда.
Бәрі нөлден басталып жатқандай.
Жанымда сенетін жандар бар — солармен бірге қайтадан көтерілгім келеді.

Мен өнерден кеткен жоқпын.
Өнер — менің өмірім.
Бұл менің тынысым.
Мен әрдайым елімнің мәдениетіне, халқымның жүрегіне қызмет еткім келеді.

Кім қолдайды — рахмет.
Кім күмәнданады — түсінемін.
Бірақ мен енді бұрынғы Төреғали емеспін.
Мен — бүгінгі, шынайы, өмірге қайта оралған Төре ұлдарыңызбын!», - деді Төреғали Төреәлі.

Өнер иесі желі қолданушыларының жылы лебізіне де жауап берді.

«Рақмет сіздерге! Жазған әрбір жылы пікірлеріңізді оқып, жүрегім жылып жатыр. Демек, мен әлі де керек екенмін ғой… – деген ой жанымды жұбатады», - деді әнші.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...