«Хан» лақап атымен танылған асаба 10 күнге қамауға алынды

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
266

Жұртшылыққа "Хан" деген атпен танымал белгілі асаба Қасым Өтешев қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

БАҚ өкілдері жазғандай, мамыр айының ортасында полиция қызметкерлері шоуменге қатысты қорғау нұсқамасын шығарып, оған жұбайы Алмамен байланысуға және оған жақындауға тыйым салған.

Алайда бірнеше күннен кейін Өтешев жұбайының үйіне барған. Куәгерлердің айтуынша, ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, өзара айыптаулар мен эмоциялық әңгімеге ұласқан.

Lada kz басылымының жазуыншаҚасым Өтешевтің өзі сотта кінәсін мойындамады. Оның айтуынша, бірге тұратын әйел өзі айқай-шу шығарып, полиция қызметкерлерін шақырамын деп қорқытқан, ал өзі ешқандай заңға қайшы әрекет жасамаған.

Судья А. Елеусинованың төрағалығымен өткен сот отырысында құқық бұзушылық фактісі әкімшілік хаттамамен, жәбірленушінің арызымен және куәгерлердің айғақтарымен толық дәлелденді деп танылды.

Әкімшілік қамау мерзімі 2026 жылғы 22 мамырдан бастап есептеледі, оған 21 мамыр кешінен бергі ұсталған уақыт та қосылды.

Сот қаулысы 2026 жылғы 2 маусымда заңды күшіне енді.

Осылайша, жазаға тартылуына әлеуметтік желілерде бұған дейін қызу талқыланған жанжал емес, белгіленген шектеулерді бұзуы себеп болған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова ұлы дүниеге келгеннен кейін бастан өткерген ауыр сынақтар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаеваға қатысты тергеу әрекеттері жүргізілуі мүм...