Әнші Тоқтар Серіков отбасындағы қайғылы жағдайды айтты

ашық дереккөзден алынған

Шоу-бизнес
1619

Танымал әншісі Тоқтар Серіков отбасының ауыр қазасын бөлісті. Әнші Instagram парақшасында нағашы ағасы мен анасын қатар қойып, жүрегіндегі қайғыны өлеңмен жеткізді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл тураоы  Skifnews.kz ақпарат порталы жазды.

Өнер иесі нағашысымен қоштасу сәтіндегі сезімін жүрекжарды жолдарға сыйдырған:

«Нар тұлғалы, жанашырым нағашым,
Жүрегімде анам үшін дарасың.
Сен де кеттің бұл өмірден қош айтып,
Жас толтырып екі көздің, қарасың.

Айнымаған анашымнан жалғызым,
Шырылдайды көкірегімде жалғыз үн.
Кемесіне отырғызып келместің,
Боздап қалды жалғыз ұлмен бар қызың» – деп жазды Серіков.

Желі қолданушылары әншіге көңіл айтып, сабыр тілеуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...