"Болған жағдай көп нәрсені ұқтырды": Қарақат Әбілдина жұбайына жазба арнады

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
143

Танымал әнші Қарақат Әбілдина жұбайы әрі продюсері Қыдырәлі Болмановты туған күнімен құттықтады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Өмір — кино…
Өмірдің өзі кино
Жүрегіммен сені шексіз сүйдім!
@kydyrali_bolman ❤️
Менің өмірімдегі ең әдемі кадрлардың бәрінде сіз барсыз…
Өміріміздің сценарийін өзің жаздың.
Режиссері де өзің болдың…
Ал мен сол фильмнің ең бақытты кейіпкеріне айналдым…
Біздің өмір — жай ғана бірге өткен уақыт емес…
Бұл — жүрекпен жазылған, тағдырмен өрілген үлкен хикая…
Қуанышы да болды, сағынышы да болды…
Шаршаған, алаңдаған сәттер де өтті.
Бірақ соның бәрінен бірлік пен адалдықты ту еткен махаббатымыз жеңіп шықты…

Алланың өзіңе берген күш қайраты, кесек мінезі,аталарыңыздан дарыған тектілік , ештеңеден қорықпайтын батылдығыңыз, қайтпас қайсарлығыңыз, мейірімді жүрегіңіз - маған мәлім, көпке үлгі!
Қазағын сүйген, жаратушысына басын иген, бүтін елдің атқарар ісін жалғыз жүріп еңсерген өзіңдей азаматтың жары болу -үлкен бақыт.

Астанадағы концертімізге бір күн қалғанда болған жағдай бізге көп нәрсені ұқтырды…
Кейде адам жоспарлайды,ал тағдыр бәрін өз уақытында өзгертеді екен…
Сол сәтте ең маңыздысы — атақ та, сахна да емес,деннің саулығы, бастың амандығы екенін түсінесің.

Сахна күтер…
Ән де айтылар…
Концерт те болар

Бүгінгі туған күніңізде , өмірдің бар сынағы осымен кетсін деп тілеймін!
Жалғасады бідің фильм.."., - деді әнші.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі продюсер әрі актриса Дариға Бадықова жақында тағы да бір фильмнің тұсауы кесілетінін айтты,...