Ұлымның үйіне бармас бұрын, көшеден тамағымды ішіп аламын – Айнұр Тұрсынбаева

видеодан алынған скрин

Шоу-бизнес
1947

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ене мен келін мәселесі туралы ой қозғап, өзінің отбасындағы жағдайды тілге тиек етті, деп хабарлады madeniportal.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Айтыскер ақын тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында ұлы мен келініне қатысты қарым-қатынасы туралы айтып берді.

«Келінім Мадинаға айтамын. Мысалы түнде келгенде, мен келе жатыр деп үйді жинап, есің шығып, бірнәрсе істеуім керек дейтін болсаң, демек сенде еркіндік болмай қалады. Әркім өз отбасын қалай түзесе де өзі біледі», - дейді айтыскер ақын.

Ол сөзін жалғай отырып, келініне ешқандай талап қоймайтынын тілге тиек етіп өтті.

«Ұлымның үйіне барар болсам, көшеден тамағымды ішіп келемін. «Шай бермейсің, шай қайда?» деген мәселе бізде жоқ. Келініме айтамын, ұйқың келе ме, ұйықтап ал. Сағат 12-де ұйықтауға болмайды, келін бәлен уақытта тұру керек деген заң жоқ. Адам өз қалауынша өмір сүруі керек. Өздерінің жұмыстары, бизнестері бар. Менсіз де баласы, күйеуі бар», - дейді Айнұр Тұрсынбаева.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Чехияның Оломоуц қаласында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Чехияның Олом...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облысында патрульдік полиция Беларусьтен келген туристерді негізсіз тоқтатып, ақша талап е...