Шоу-бизнестің жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаев қазақ тілін білмейтіндерге қатысты көзқарасы қандай ек...
Қайрат Нұртас: "Бармасаң, аяғыма жығыл деді"
Фотосурет stan.kz сайтынан алынды
Астанада Қайрат Нұртасқа қатысты баптар бойынша сот процесі басталды әншінің өзі сотқа онлайн қатысып, өзін жәбірленушімін деп жариялады, деп жазады madeniportal.kz тілшісі stan.kz сілтеме жасап.
Сотта Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 434-бабының 2-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық бір жыл ішінде қайталап жасалған") және 73-бабының 1-1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") бойынша іс қаралды.
Сот барысында процесске Қайрат Нұртастың ресми өкілі болып інісі Аян Нұртас пен анасы Гүлзира Айдарбекова қатысып отыр.
"Мен ұрған жоқпын, әуелі мені соққыға жықты", – деп жауап берді Қайрат Нұртас. Әртіс Қайрат Нұртас қарсы арызды өзі бермекші деп отыр. Ол жанжалдың неден басталғанын айтып берді.
"Мені досым тойға шақырды. Тойға бара алмаймын дедім. Ол неге келмейсің деп боқтап, басымнан екі рет ұрды. Мен де оны ұрдым. Сосын тыныш отырдым. Бірақ артымнан келіп тағы ұрды. Болғаны осы. Тәртіпті бұзған жоқпын. Мен жәбірленушімін.
Ол екеуміз дос болғанбыз. Төртінші шілдеде тойға шақырды. Мен барудан бас тартып, балағат сөздер айттым. АОл бармасаң, аяғыма жығыл деді. Сосын мені басымнан алып, бірінші болып ұрды. Сосын мен де ұрдым. Бірақ тәртіпті бұзған жоқпын. Бұл жерде жәбірленуші менмін. Ол бірінші бастады. Мені ұрғаннан кейін ғана ұрдым. Жарақатты бәріміз алдық, ең бастысы тыныш отырдық қой. Ұшақта кездесіп қалған кезде, мені бірінші ұрды. Менде қарап тұрмай, оны да бір-екі рет ұрдым. Бұл жөніндегі кінәмді толығымен мойындаймын", — деді Қайрат Нұртас.
Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, Аслан есімді ер адаммен баласы екеуі бұрыннан жақын таныс әрі дос екенін мәлімдеді. Анасы баласына сот тарапынан сұрақтар қоймауын талап етті.
Ал Аслан есімді жәбірленуші өз тарапынан мән-жайдың қалай болғанын айтып берді.
"Мені жерден алып, жерге салып боқтаған сөздері де бар. Таңертең тұрып ортақ достарымызға хабарласып, ол неге мені боқтады, ренжулі ме деп сұрадым. 4 сәуір күні жолға шықтым, сол кезде ұшақта Қайратты көрдім. Сосын неге боқтадың деп сұрадым. Мені бортсерік алып кетті. Сол кезде мені Қайрат ұрды. Сосын екеуміз ұшақ ішінде екі жаққа отырдық. Ұшақтан түскен соң полиция екеумізді алып кетті", – деді жәбірленуші.
Асланның айтуынша, бортсерік Қайратты емес, оны жібермей ұстап отырған.
“Бортсерік мені ғана байлап ұстады. Қайратты халықтың баласы болған соң қолдады ма, білмедім?. Мені ғана байлап, мені ғана тыныш отырғызды. Менің тарапымнан бұзақылық болды деп есептемеймін. Қайрат тарапынан тәртіп бұзушылық болды деп есептеймін. Әнші маған неше түрлі балағат сөз айтты. Айдарбековке арыз шағымым жоқ. Әкімшілік істі қысқартуды сұраймын", – деді жәбірленуші.
Сотқа әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова екі жақта бір-біріне кешірім беру керек екенін айтты.
"Бір-біріңе кешірім берулерің керек. Алып бара жатқан мұрның сынған, басың қанаған, көзің шыққан ештеңе жоқ. Екеуің де маған басқа адам емессіңдер, сен де маған балам сияқтысың", – деді Айдарбекова.
Қайрат Нұртастың анасы ұлына айыппұл салуды сұрайды. Гүлзира Айдарбекова жанжалға ұлы да, жәбірленуші де кінәлі деп санайды. Ол ұлына қамауға алудың орнына әкімшілік айыппұл салуды сұрайды. Әншінің гастрольдік сапарлары бар.