Роза Әлқожа қаржылық жағдайы туралы ашық айтты

Фото: әлеуметтік желі

Шоу-бизнес
583

Әнші Роза Әлқожа «Кездесу шоу» YouTube арнасына берген сұхбатында қаржылық жағдайы туралы ашық айтып, кредиті бар екенін жасырмады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Өнер иесінің сөзінше, көпшілік сахнада жүрген адамдардың барлығын ауқатты деп қабылдайды. Алайда әлеуметтік желіде көрінетін сәнді өмір мен шынайы тұрмыстың арасында айырмашылық бар.

Әнші желіде адамдар көбіне өмірінің жақсы сәттерін ғана көрсетіп, отбасындағы қиындықтар мен күнделікті мәселелерді көпшілікке жариялай бермейтінін айтты.

“Біз көбіне өтірік айтамыз. Керемет жанұя болып көрінеміз. Өтірік қой! Біз тек жылтыраған жағын саламыз”, – деді Роза Әлқожа.

Ол өзінің де жұрт ойлағандай уайымсыз әрі мінсіз өмір сүрмейтінін айтып, кредитпен өмір сүретінін жеткізді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таңбалау жүйесі дәрі-дәрмек нарығындағы жағдайды нақты уақытта бақылап, ауытқулар мен заң бұзушылықт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның халық әртісі, көрнекті композитор, профессор Бәкір Баяхунов дүниеден өтті, деп хабарл...