“Денем көгерген суреттерді өшіріп тастағанмын”: Say Mo көзіне жас алып экс жұбайынан көрген қорлығын айтып берді

Фото: madeniportal коллажы

Шоу-бизнес
499

Say Mo есімімен танымал әнші Мөлдір Есембек актер Шәріп Серіктен тұрмыста кезінде көрген қорлығын ашық айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

 

Бұл мәлімдемеге түрткі болған — Шакентидің бұрынғы сүйіктісі Алия Бутееваның жариялаған видеосы. Онда бейнебақылау камерасынан түсірілген кадрлар көрсетілген: актер Әлияны лифттен дөрекі түрде сүйреп шығарғаны анық байқалады. Бұл видео қоғамда үлкен дау туғызып, әлеуметтік желіде актер үлкен сынға ұшырады.

Осы дау аясында, бірнеше жыл бұрын Шакентимен некеде болған, 2021 жылы ажырасып кеткен әнші Say Mo Instagram парақшасында бұл қарым-қатынаста өзі де абьюзға ұшырағанын мәлімдеді. 

Қазір менде дәлел жоқ. Бұрын анама жіберген, денем көгерген суреттерді өшіріп тастағанмын. Әр жанжалдан кейін ол кешірім сұрайтын. Актер сияқты «тізерлеп» келетін. Абьюзивті қарым-қатынаста болмаған адам жәбірленушінің әрекетін ешқашан түсінбейді. «Неге шыдадың?» деп сұрайсыздар ма? Білмеймін.

Мен әкесіз өстім. Ер адамның әйелге қалай қарауы керектігін білмеймін, өйткені бала күнімде ондай үлгіні көрмедім. Анам көп жұмыс істеді, мен еркекше өсіп кеттім. Бір күні кең көлемде сұхбат беріп, бәрін айтып берем, – деді ол.

Say Mo-ның айтуынша, жағдайды ашық айтуға жасаған алғашқы әрекеті – 2021 жылдың көктемінде, ажырасқаннан кейін бірден шыққан “Woman” атты әні болған. Әнші сол әнде басынан өткен нәрсені айтқанын, әннің түпкі мағынасы не және сол сәтте кім туралы екенін кез-келген адам түсінетінін, сондай-ақ адамдардың оны естімегені әнші қыздың үндемей қалғаны болып саналмайтынын да айтты. 

Мен үнсіз қалған жоқпын, мен айқайладым! Әннің не туралы екенін ақымақтың өзі түсінер еді, — деп ашық айтты өнер иесі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда екі жүзден астам адам өмір бойы бас бостандығынан айырылған. Олардың 27-сінің шартты түр...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тәжікстанда жер сілкінісінен үш жасар сәби көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Тәжікстанның...