Алтынды чемоданға жағып тасыған: Шымкентте ерекше контрабанда әшкереленді

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
29

Шымкент әуежайында құны 227,8 миллион теңге болатын алтынды Түркияға заңсыз алып шығу әрекеті әшкереленді. Өзбекстан азаматтары бағалы металды кедендік бақылаудан жасыру үшін ерекше тәсіл қолданған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Прокуратураның хабарлауынша, күдіктілер салмағы шамамен 2,8 келі алтынды чемодандардың ішкі астарына және багаждың қаптамасына ұсақ бөлшектер түрінде жағып, шекарадан білдірмей өткізбек болған.

Алайда заңсыз әрекеттің жолы кесілді. Бас көлік прокуратурасының өтінішхаты негізінде сот үкім шықпай тұрып-ақ алтынды мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінген Өзбекстан азаматтары халықаралық іздеуге жарияланды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

 

АЙМАҚТАР

Бүгін, 30 қазанда Қазақстанның алты өңірінде қар және жаңбыр аралас қар жауады деп болжанып отыр. Ре...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда төселгеніне бір ай толмаған жаңа тротуарды құбыр жүргізу үшін қайта бұзған. Бұл туралы Thre...