Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ өткізген азамат анықталды

ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
128

Алматы облысының Жамбыл ауданында кәмелетке толмаған балаларға заң талаптарын бұза отырып, араб тілі мен Құраннан сабақ берген азамат анықталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

 

Мәліметке сәйкес, ер адам Ұзынағаш ауылындағы жеке үй-жайда балаларға діни сабақ өткізіп келген. Алайда оқыту барысында заңда белгіленген талаптар сақталмаған.

 

Тексеру нәтижесінде азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Сонымен қатар балалардың ата-аналарына да ескерту жасалды. Олар кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкент әуежайында құны 227,8 миллион теңге болатын алтынды Түркияға заңсыз алып шығу әрекеті әшкере...

Шоу-бизнес

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі оқырмандарымен...