Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында жалпықалалық се...
«Көк тракторды» қосып берген: мұғалім өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді
ЖИ
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында математика пәнінің мұғалімі кішкентай ұлы мен бірге тұрған әйелінің анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Сондай-ақ ол баланың анасына бірнеше рет шабуыл жасаған болуы мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Күдікті – №54 мектепте математика пәнінен сабақ берген 40 жастағы Дмитрий Накаряков. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол бұрынғы серіктесі Анастасиямен татуласу үшін оның үйіне барған. Алайда екеуінің қарым-қатынасы бұған дейін бұзылып, әйел басқа ер адаммен кездесіп жүрген. Күдіктінің тергеу кезіндегі жауабына қарағанда, пәтерде Анастасияның 58 жастағы анасы Алламен жанжал туындаған. Ер адам ашуға беріліп, әйелді балғамен ұрып өлтіргенін мойындаған.
«Шыдамым таусылып, оның басынан балғамен ұрдым», – деген күдікті жауап алу кезінде.
Одан кейін ер адам кішкентай ұлына «Көк трактор» мультфильмін қосып беріп, баланы да өлтірген деген күдікке ілінді. Мәлімет бойынша, ол баланың денесін мұздатқышқа жасырған. Күдікті мұндай әрекетке баруына баланың өзінен туғанына күмәндануы да әсер еткенін айтқан.
«Мен бұл баланың өзімнен туғанына бұрыннан күмәнданатынмын», – деген ол.
Кешке үйіне оралған Анастасия баласын сұрағанда, ер адам оның ұйықтап жатқанын айтқан. Алайда әйел болған жағдайды байқап, айқайлаған кезде күдікті оған да шабуыл жасаған. Ер адам әйелді өлді деп ойлап, пәтерден кетіп қалған. Кейін қайта оралып, Анастасияның тірі екенін көрген соң, оған тағы да ауыр жарақат салғаны айтылады. Соған қарамастан әйел аман қалған. Ол бірінші қабаттағы пәтердің терезесінен сыртқа шығып, көмек сұрауға мүмкіндік тапқан. Зардап шегушіні байқаған адамдар жедел жәрдем шақырып, ауруханаға жеткізген. Күдікті ұсталды. Таратылған мәліметке сәйкес, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.