Ұлттың рухани қазынасын, бай музыкалық мұрасын ұмыт қалдырмай ұрпаққа аманаттаған абыз күйшілердің б...
1 ай да болмаған: Алматыда жаңа тротуар қайта бұзылып жатыр
Фото: әлеуметтік желіден
Алматыда төселгеніне бір ай толмаған жаңа тротуарды құбыр жүргізу үшін қайта бұзған. Бұл туралы Threads желісінде madinadinmukhammed есімді қолданушы жазды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
«Бір айға да жетпеген жаңа тротуарды құбыр жүргізу үшін қайтадан бұзып тастады. Неге бұл жұмыстарды алдын ала атқармады?», - деп наразылығын білдірді ол.
Жарияланымға Алматы әкімдігі жауап берді. Ведомствоның мәліметінше, қазір бұл аумақта трансформаторлық қосалқы станцияға қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жұмыстар аяқталған соң мердігер асфальтты қалпына келтіріп, аумақты абаттандыруы тиіс. Әкімдік барлық жұмысты 2026 жылғы 10 қарашаға дейін аяқтауға уәде берді.
Алайда әкімдік алдымен тротуар төсеп, кейін оны не себепті қайта бұзғаны туралы сұраққа жауап бермеді.
Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысының Жамбыл ауданында кәмелетке толмаған балаларға заң талаптарын бұза отырып, араб тілі мен Құраннан сабақ берген азамат анықталғанын хабарлаған болатынбыз.
Мәліметке сәйкес, ер адам Ұзынағаш ауылындағы жеке үй-жайда балаларға діни сабақ өткізіп келген. Алайда оқыту барысында заңда белгіленген талаптар сақталмаған.