Димаш қазір ата-анасымен тұра ма? Светлана Айтбаева жауап берді

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
2095

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева Динара Сәтжанға сұхбат беріп, Димаштың қазір қайда тұратынын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап. 

Сұхбат барысында Динара Сәтжан «Димаш қазір сіздермен тұра ма? Астанада бірге тұрасыздар иә?» деп сұрады. 

«Иә, бірге тұрамыз. Бірақ Димаш көбіне негізінде шетелде жүреді», — деп жауап берді бұл сұраққа Светлана Айтбаева.

Содан кейін Динара Сәтжан «Менің естуімше, сіздің үйде жақында той болады екен» деп айтты. 

«Кез келген ата-ана армандайды ғой. Димаш та біраз жасқа келді. Раушан да дипломын алып, дәрігерлік жолды таңдап отыр. Мансұр да он сегізге толады. Сондықтан той болады деп күтіп жүрміз», — деді ол. 

Жүргізушінің «Биыл ма?» деген нақтылауына ол «Биыл болса, биыл! Әумин, айтқаның келсін» деді.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина республикалық референдумға қатысып, Алматыдағы П...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс бер...