Әлеуметтік желілерде ШҚО-дан шыққан прокурор Вилори Панның көлік жүргізу барысында шам бағанасына со...
Қазақстан цифрлық даму мен жасанды интеллект саласындағы тәжірибесін бауырлас елдермен бөлісуге дайын
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қазақстан цифрлық даму мен жасанды интеллект саласындағы тәжірибесін бауырлас елдермен бөлісуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Президент түркі елдері арасындағы көлік-логистика, цифрландыру және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту маңызды екенін айтты.
Орта дәліз арқылы жүк тасымалы 30%-ға, ал транзит 90%-ға өсті. Еліміз инфрақұрылым мен теңіз порттарын жаңғыртумен қатар, «Солтүстік–Оңтүстік» және «Бір белдеу, бір жол» бағыттарын да тиімді пайдалануды жалғастырады.
Қазақстан цифрлық даму мен жасанды интеллект саласындағы тәжірибесін бауырлас елдермен бөлісуге дайын. Сондай-ақ киберқауіпсіздік кеңесі мен цифрлық мониторинг орталықтарын құру ұсынылды.
Түркі халықтарының ортақ тарихы мен мәдени мұрасын сақтау үшін Түркі өркениеті орталығы және «Мәңгілік ел» орталығын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ «Қазіргі түркі тілдері сөздігінің» 25 томдығы мен «Turkic Heritage» цифрлық платформасы жарық көрді.
Тоқаев келесі жылы Түркістанның Ислам әлемінің мәдени астанасы атануына орай халықаралық форумдар мен мәдени іс-шаралар өткізілетінін айтты.