Сәрсемалиевтің ісіндегі "Атыраулық хакер" бар шындығын айтып берді (ВИДЕО)

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
232

Халықаралық іздеуде болып, Дубайдан Қазақстанға жеткізілген хакер өзіне тағылған алаяқтық айыбымен келіспейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, кәсіпкерлік жобасы сәтсіз аяқталып, инвесторлар алдындағы қарызы көбейген. Бұл туралы журналист Жанат Молдашева жазды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Хакердің сөзінше, ол инвесторлардың ақшасын иемденуді мақсат етпеген. Керісінше, жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркеп, ресми түрде жұмыс жүргізген.

«Егер қаражатты қалтама басып, қашып кетсем, мен нағыз алаяқ болар едім. Бірақ мен ЖШС тіркеп, ресми есеп жүргіздім, барлық міндеттемені орындадым», – деді ол.

Оның мәлімдеуінше, 2024 жылы Цифрлық даму министрлігінің өкілдері Атырауға келген кезде басқа компания олардың әзірлемесін көшіріп, мемлекетке өз жобасы ретінде ұсынған. Осы жағдайдан кейін жобасы тоқтап, шамамен 100 миллион теңге қарызға батқан.

Қарызын өтеу үшін мейрамхана ашқанымен, бұл кәсібі де шығынға ұшыраған. Ал 2025 жылы қылмыстық іс қозғалғаннан кейін Дубайға кеткенін айтты.

«Шетелде жүріп жұмыс істеп, қарызды жауып, оны қазіргі айыпта көрсетілген 13 миллион теңгеге дейін азайттым», – деді хакер.

Журналист Жанат Молдашева сот отырысына қатысқаннан кейін істегі қарыз сомасына қатысты пікір білдірді.

«Интерполмен желкелеп жеткізгенге 200-300 млн теңге қарызы бар деп ойлап едім. Кеше сот процесіне барып 13 млн теңге екенін естідім. Оның 9 млн теңгесін қайтарыпты. „Енді 4 млн теңге қалды“ дейді», – деп жазды журналист.

Сондай-ақ ол Жангелдиндегі қайғылы оқиғаға қатысты шу тудырған хронология бойынша хакерге айып тағылмағанын атап өтіп, мемлекет қаржысын жымқыруға қатысты істердегі құқық қорғау органдарының әрекетіне сұрақ қойды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы бұрын Қайрат Сатыбалдыға қатысы болған DoubleTree by Hilton Almaty қонақүй кешені аукцион...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қазақстан цифрлық даму мен жасанды интеллект саласындағы тәжірибесін бауырлас елдер...