Астаналық танымал блогер Ерболат Жанабылов көптен күткен үйлену тойын жасайтынын айтты, деп хабарлад...
Аша Матайдың күйеуі Арман шетелде бөтен қызбен көзге түсті
Фото: sn.kz
Кейінгі уақытта сахнадан көрінбей кеткен Арман Қоңырдың әлеуметтік желідегі соңғы суреттері көпшіліктің назарын аударды. Желі қолданушылары оның модель Айдана Рахымбаевамен бір жерде болғанын байқап, түрлі болжам жасауда, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Желіде тараған жазбада Арман Қоңыр мен Айдана Рахымбаеваның бір локациядан сурет жариялағаны байқалатыны түсіндірілген. Осыған байланысты оқырмандар олардың бірге жүрген-жүрмегенін талқылап жатыр.
Әдеттегідей пікір білдірушілердің ойы екіге бөлінді. Олардың арасында бұл жай ғана сәйкестік болуы мүмкін дегендер де, екеуінің арасында қандай да бір қарым-қатынас бар деп топшылағандар да кездеседі.
«Арман шетелде басқа қызбен жүр ғой. Аша екеуі ажырасып кеткен бе?», «Ашаның өзін дәлелдегісі келіп, Құрылтайға бару себебі осы екен ғой» деген секілді пікірлер жазылған.
Жұлдызды жұптың жанкүйерлері кейінгі уақытта жұптың бірге түскен суреттерін сирек жариялай бастағанын, ал әлеуметтік желідегі жазбаларында көбіне балаларына қатысты контент бөлісетінін байқаған.
Алайда өнер иелерінің өздері жеке өміріне қатысты ақпаратқа ресми түсініктеме берген жоқ.