«Дубайға көшіп кеткен едік»: Танымал продюсер елден не үшін кеткенін айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
3340

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы қыста денсаулығына байланысты шетелге көшіп кеткен еді. Енді ол Қазақстанға қайтып келді, деп хабарлады madeniportal.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Шоу-бизнестің майталманы екі қызын алып, Дубайға қоныс аударған еді.

«Үш ай өте шығып, елге келдік. Тіпті, көлік жүргізуді ұмытып қалыппын. Дубайға көшіп кеткен едік. Желтоқсан айында бір келіп кеттім. Өйткені осы жақта киноларыма қатысты шаруаларым болды. Тез келіп, тез кеттім. Ол жақтағы кішкентай қыздарыма асықтым. Енді міне, күн жылынып жатқанда қайтып келдім. Жалпы, жылдың алты айында шетелде, алты ай елде боламыз. Қыздарым әлі ештеңені түсініп жатқан жоқ. Тау қайда, теңіз қайда екенін білмей жатыр. Бірақ елге оралғанымызды сезеді», – деді продюсер. 

Еске салсақ, бұған дейін Баян Алагөзова қазақстандық дәрігерлердің қатесінен дұрыс ем қабылдамағанын, 25 жылдан бері қыс мезгілінде ауруханаға жататынын айтқан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...