“Екі некеден туған балаларым бір-бірімен араласпайды”: Танымал актер бір өкінішін айтты

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
3859

Белгілі актер Рахман Омар журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында өмірдегі ең үлкен өкінішін айтып берді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Актер журналистің сұрақтарына жауап беру барысында, отбасы туралы тақырыпта өзі үшін үлкен өкініш не екенін айтып берген. Айтуынша, бірінші некеден туған балалары мен екінші некеден туған балаларының өзара араласпайды. 

«Бір өкінішім, бірінші некеден туған балаларым мен екінші некеден туған балаларым бір-бірімен араласпайды. Бірақ менімен араласады. Балалықтан туған эгоизм бар шығар, қызғаныш та болады. Араласпай-ақ қояйықшы дейді. Оған уақыт керек, уақыт емші», – деді актер.

Рахман Омар асаба ретінде талай отбасылардың қайта табысқанына куә болғанын жеткізді. Ол уақыт өткен сайын балалардың арасындағы кикілжің басылып, жақын араласатын күн де туар деген сенімі бар екенін де жасырмады. 

«Біз сияқты араласпай жүріп, кейін қайта табысқан талай отбасыны білемін. Сондықтан үмітімді үзбеймін», – дейді ол.

Актердің тұңғыш ұлы жуырда үйленіп, өз шаңырағын көтерген. Қазір ол 28 жаста. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызды алып қашу қазақ дәстүріне жатпайды. Бұл түсінік кеңес дәуірінде қалыптасып, кейін қате түрде &...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысындағы Ольшанка ауылында орын алған қайғылы оқиғаға қатысты жаңа деректер б...