«Дүние әкелмесін дедім»: Айнұр Тұрсынбава құдаларымен арақатынасы жайлы айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
4765

Танымал блогер, психолог Айнұр Тұрсынбаева құдалары жайлы сөз етті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Айнұр Тұрсынбаева Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында айтты.

«Солтүстік жақ пен оңтүстік жақтың құдаласуы деген үлкен әңгіме ғой. Көбінесе оңтүстікте өте актуалды дүние. Оңтүстікте не дүние әкелді, не киім әкелді, қалың малы қанша болды дегенді бірінші орынға қойып жатады. Біз Мадинаның ата-анасымен құдаласамыз дегенде келісіп алдық. Көкшетау жақта жалпы қалың мал деген жоқ. Бірақ мен ата-анасына өз елінің дәстүрімен жасауды айттым. Бізде оңтүстікте қалың мал, әке ақысы, ана ақысы беріліп жатады. Біз өзімше, сіздер өз елдеріңіздегідей жасай беріңіздер дедім. Көбіне әңгіме қылып, артынан ештеңе келген деген сияқты әңгіме айтылып жатады. Айтарым, бұл жерде дүние басты емес, адам ең маңыздысы. Біз келін алып жатырмыз. Той алдында ата-анасына дүние керек әкелмеңіздер дедім. Ыдыс-аяқ, дүние көретіндерден емеспіз дедім, Мадинаның өзінің қалаған затын ғана әкелсеңіздер болады дедім», - деді Айнұр Тұрсынбаева.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Интернеттегі қысқа видеороликтер бүгінде балалар өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Бұрын бос уақыт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сочидегі Бонди-Бич жағажайында болған атыс салдарынан 12 адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды. Оқиғ...