"Мен "иә" дедім": Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі жақсы жаңалығын жария етті

Нұрила Ақбергеннің инстаграм парақшасынан

Шоу-бизнес
2292

"Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрила Ақберген желіде жақсы жаңалығын жария етті. Блогер гүл шоқтары мен сақинасымен түскен суретін жариялап, "иә" дегенін хабарлады. 

Көпшілік Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелінің жеке өмірінде өзгеріс болып жатқанын болжады. Алайда Нұрила Ақберген оқырмандарын алдап, мүлдем басқа қуанышты жаңалығын жария етті. "Мен "иә" дедім. Өзімнің кішкентай арманыма "иә" дедім", - деп жаңа көлік алғанын хабарлады желі жұлдызы. Нұрила Ақберген автосалоннан Changan көлігін сатып алған. 

Instagram-дағы парақшасында жазба қалдырып, ойландырып қойды. Фотода ол көпшілікке гүл шоқтары мен сақинасын көрсеткен. "Бақытты болып тұрмын, толығырақ ертең бөлісемін", - деп жазды блогер.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...