Дженнифер Лопес пен Бен Аффлек ресми түрде ажырасты

ашық дереккөзден алынған

Шоу-бизнес
2008

People журналы сот құжаттарына негізделген ақпаратты жария етті, деп хабарлады madeniportal.kz.

Сот шешімі Лопес 20 тамызда некені бұзу туралы арыз бергеннен кейін 20 аптадан соң шықты.

Медиа мәліметтеріне қарағанда, өнер адамдары ажырасудан кейінге қаржылық мәселелер бойынша келісімге келген. Әрқайсысы некеде болған уақыт ішінде жеке иеленген мүліктерін сақтап қалды. Мысалы, Аффлек өзінің кино жобаларынан тапқан ақшасын қалдырды. Лопестің жағдайы да ұқсас. Бен сондай-ақ өзіне тиесілі Artists Equity продюсерлік компаниясындағы үлесін сақтап қалды. Бұрынғы жұп өздерінің ортақ үйіне қатысты да келіспеушіліктерді шешкен. Олардың келісімінің шарттары құпия сақталуда. Үй сатуға қойылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұрлығын жасыру үшін қарағандылық адам біреудің көлігін өртеп жіберген, деп хабарлайды MadeniPortal.k...

СПОРТ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Лондонда өткен WTA 500 санатындағы турнирдегі өнерін а...