Желі жұлдызына айналған коуч Роза Әшірбаева ене мен келін тақырыбында әңгіме өрбітті, деп хабарлады...
“Ренжіскенде бірінші болып мен сөйлесемін”: Гүлнұр Оразымбетова 70 жастағы күйеуі туралы
Фото: әлеуметтік желіден
212
Гүлнұр Оразымбетова Отбасы күніне орай отбасыдағы қарым-қатынасы туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Әнші бұл туралы el.kz тілшілеріне берген сұхбатында айтып, шаңырақтағы міндеттер мен жолдасымен арадағы қарым-қатынасты сөз етті. Өнер иесінің сөзінше, отбасы бақытының құпиясы - әке мен ананың махаббатында.
«Үйде соңғы сөз жолдасымдыкі. Ренжіскенде бірінші болып мен сөйлесемін. Отбасында ақшаны жақсы ұстайды. Бала тәрбиесінде қатал. Күйеуім маған көп комплимент айтады, «менің жұлдызымсың» дейді. Ас ішкенде телефонсыз отырамыз. Бақытты отбасының құпиясы – әке мен шешенің бір-біріне деген махаббатының нәтижесі», – деп жауап берді ол.