9 қарашада елордада "Қазақстан" орталық концерт залында Máńgilik El Daýysy (Мәңгілік ел...
Продюсер өзі құрған топтың шығармашылық кешін бермек
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Танымал продюсер, әнші Қыдырәлі Болман өзі құрған “Ұлытау” этно тобының жеке шығармашылық кешін бермек, деп жазады madeniportal.kz тілшісі stan.kz сілтеме жасап.
Биыл елімізді дүниежүзіне танытқан топтың құрылғанына – 25 жыл.
“Жақында “Ұлытау” тобының мерейлі мерекесіне арналған мега-шоуын тамашалай аласыздар. “Нағыз қазақ – домбыра” дегендей, “Ұлытау” да – домбыра. Дәстүрлі күйлерімізді әлемге насихаттаған бірден-бір мықты креатив топ. Үлкен стадионды толтырды”, – деп ол топтың тарихына қысқаша тоқталды.
Одан кейін продюсер концертке жұмсалатын қаражаттың да есебін берді.
“Техникаң ай болса, көңілің де жай болады. Жанды дыбыста болғасын, техниканың сапасы өте маңызды. Дыбыс аппаратурасы мен жарыққа қатты мән бердік. Кәсіби мамандарды шақырып, заманауи техникамен жабдықтадым. Концерт шығыны – 150 миллион теңгені өзім шығардым. Жағдайы жоқ, бірақ ұлттық өнердің жанкүйерлеріне 4 мың билетті тегін тараттық. Үкіметтен бір тиын алмадым. Концерт жасау ешқашан арзан болған емес”, – деп жазды продюсер.