Маржан Арапбаева: “Жеке шығармашылық кеш беруге қорықтым”

Фото: инстаграм парақшасынан

Шоу-бизнес
2315

Әнші Маржан Арапбаева “1001 түн” бағдарламасында, осы уақытқа дейін жеке шығармашылық кеш беруге қорыққанын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Әнші жүргізушілердің “Маржан Арапбаева қашан жеке ән кешін береді?” деген сұрағына ашығын айтып, осы уақытқа дейін шын мәнінде қорқып келгенін айтты.

“Бұл сұрақты өз-өзіме қойған кезде, өзім ұялып кетем жауап беруге. Шынымды айтайын ба? Жасыратын түгі жоқ. Қорқыныш болды. Мүмкін онша өтпей қала ма? Алдымда ылғи да қорқыныш болды”, - дейді өнер иесі.

Дегенмен, Маржан Арапбаева қазір ол қорқыныш жоқ екенін, бәріне дайын екенін айтты. Сондай-ақ, әнші сценариймен жұмыс жасағанды ұнатпайтынын да жасырмады.

Қазір абсолютно өте дайынмын. Ештеңеден қорықпаймын. Сценариймен жұмыс жасағанды ұнатпаймын шыны керек. Жүргізушілер мына әннен кейін мына ән, осы әннен кейін мынандай сөздер сөйлейсіз дегенді де ұнатпаймын. Барлығы емін-еркін өтсе екен деймін”, - деп толықтырған Маржан Арапбаева. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей...