Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов продюсерлік қырынан танылғысы келетіні...
«Есіне салып қойыңыздар»: Абай Бегейдің келіншегі күйеуін қызғанды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Белгілі әнші Абай Бегейдің келіншегі Фариза Жұманова жолдасының тойда қырғыз қызымен шырқаған әніне пікір қалдырды, деп хабарлады madeniportal.kz.
Блогер бұл тұрғыда оқырмандарына өзін белгілеп кетуге өтінді.
Фариза Жұманова Instagram-дағы парақшасында күйеуі Абай Бегей жариялаған видеоны бөлісті. Бейнежазбада өнер иесінің әнші арумен мерекелік шарада ән салып жатқанын көруге болады. Олар бүгінде хит болып жатқанын «Үрбибі» әнін орындаған. Аталмыш дуэт кеш қонақтары мен желі қолданушыларының көңілінен шыққан. Олар әншілердің өнеріне тәнті болып, жылы лебізін білдіруде.
Алайда бұл шығармашылық байланыс Абай Бегейдің келіншегіне ұнай қоймаған. Фариза Жұманова желіде күйеуін қызғанып қалғанын айтып, оқырмандарының көмегіне жүгінді. Блогер оларға жолдасына әйелі бар екенін ескертіп қоюын сұрады.
«Тақсырды мына қыздан қызғанып бара жатырмын. Желіде әйелі бар екенін белгілеп, есіне салып қойыңыздаршы», — деп жазды әншінің келіншегі.