«Китсіз қандай той болады»: Жазира Байырбекова болашақ құдалары туралы ашып айтты

ашық дереккөзден

Шоу-бизнес
531

Танымал жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира жақында тұңғыш ұлдарының үйленетінін айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Әнші Жазира Байырбекова құда-құдағиының өте жас көрінетінін айтты.

"Біздің отбасымызға тілекші болып жатқандарыңыз өздеріңізге де жұғысты болсын. Болашақ құдағиым сұлулығына осыдан 15 жыл бұрын таң қалғанмын,таң қалмайтын адам жоқ шығар.Құдам да өте сымбатты жігіт.
15 жылдан бері танимыз.Ал келініммен жақында таныстық. Құдам мен құдағиым Жанболаттан 11 жас,менен 7 жас кіші.Достарымыздың інісі мен келіні.
Китсіз қандай той болады деген сұрақ көп екен.
Китсіз дегеніміз киілмейтін мата-сата ғой. Басқа кәделердің (қалың мал,ана сүті,алтындар,шапандар,қоржын) бәрі әрине болады. Алла қаласа сіздердің дұға тілектеріңіздің арқасында бәрі жақсы өтеді. Рахмет", - деді әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары жас жұпқа бақыт тілеп жазып жатты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы шабуыл кезінде жараланған болуы мүмкін, бірақ есін біледі және жасыр...

Шоу-бизнес

Белгілі әнші және актриса Айгүл Иманбаева ұшақ ішінде бортсеріктермен келіспей қалған, деп хабарлады...