«Журналистика факультетін жабу керек»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі тікелей эфир жүргіземін деп сынға қалды

видеодан алынған скрин

Шоу-бизнес
1500

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова тележүргізуші ретінде алғаш рет тікелей эфирге шықты. Ол бағдарлама барысында әртістерді хабарлап тұрып, сөзден жаңылып, бір сәтке үзіліс сұрады,деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ Todayinfo ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

«Бір минут», – деген сәтте, қасында отырған тележүргізуші Динара Сәтжан оған сыбырлап, «бұл тікелей эфир» екенін ескертеді.

Кейін Динара Сәтжан оның алғаш рет эфирде отырғанын айтып, орын алған келеңсіздікті жұмсартуға тырысты.

Әлеуметтік желілерде бұл сәттің видеосы тез таралып, қоғам тарапынан түрлі пікір тудырды. Көпшілігі журналистиканың кәсіби саласын шоу-бизнес өкілдерінің иеленуін сынға алды.

«Журналистика факультетін жабу керек. Біреудің әйелі болғаны үшін жүргізуші болу керек пе?», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
«Неге әркім өз ісімен айналыспайды? Өте төмен деңгей», – деген де пікірлер жиі кездесті.

Бұл жағдай медиа саласында кәсіби мамандардың орны мен бағасы туралы қоғамдық пікірталас тудырды. Көпшілік кәсіби журналистердің еңбегі мен дайындық деңгейін елемеу – жалпы эфир мәдениетінің төмендеуіне себеп болатынын айтты.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...