«Ешкімге сенбеңіздер»: Тұрсынбек Қабатов халыққа үндеу жасады

Фото: ашық дереккөзден

Шоу-бизнес
1027

Әлеуметтік желіде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың халықты алаяқтардан сақтануға шақырған видеосы таралып жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

Ол азаматтарды, әсіресе қарттарды, интернет пен телефон арқылы әрекет ететін алаяқтардан сақ болуға шақырды.

"Құрметті достар, жерлестер! Батыс Қазақстан облысында, әсіресе Орал қаласында алаяқтар көбейіп кетіпті. Әсіресе ата-әжелер мен аға-жеңгелерге айтарым – өте сақ болыңыздар. Банктенмін деп хабарласып, "құжатыңызды жіберіңіз", "сізге СМС келеді, соны маған айтыңыз" деп алдайды екен. "Шотыңызды бұзайын деп жатыр", "сіздің атыңыздан кредит алып жатыр" деп сендіреді. Тіпті полицияданбыз деп хабарласып, "ұлыңыз бізде отыр, тәртіп бұзды" деп ақша сұрайтындар бар", – деді Тұрсынбек Қабатов.

Оның айтуынша, алаяқтар қоңырау кезінде банктің немесе полицияның шуы сияқты жасанды дыбыстарды қосып, адамдардың сеніміне кіреді.

"Ондай адамдар өте айлакер келеді. Сондықтан да ешкімге жеке деректеріңізді, банк картасының нөмірін, құпия кодын бермеңіздер. Шын мәнінде банк те, полиция да телефон арқылы ақша сұрамайды. Сақ болыңыздар, алданып қалмаңыздар!" – деп ескертті әзілкеш. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...