ҚР халық әртісі, сазгер Алтынбек Қоразбаев жыр-термелеріне арқау болған кейіпкерінің шаңырағын көрсе...
«Ештеңе қызық болмай қалды»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен ұрысып қалғанын айтты
ашық дереккөз
Танымал актер Олжас Абай актриса Дариға Бадықовамен үйлену тойының алдында сөзге келіп қалғанын айтып, сол кезде сүйіктісіне деген шынайы сезімін түсінгенін жеткізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Өнер иесі бұл туралы журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, той қарсаңында екеуінің арасында келіспеушілік туындаған. Бастапқыда актер болған жағдайға қарамастан, күнделікті тіршілігін жалғастырып, жұмысына көңіл бөлуді ойлаған.
«Той болардың алдында ұрысып қалдық. Қой дедім, енді неде болса да талай аттан құлағанбыз, әрі қарай да кете бересің ғой. Баяғы замандағыдай көрпе жамылып, аспанға қарап жататын уақыт жоқ. Қайғырып, мұңайып жататын уақыт жоқ. «Айналайын, жаттығуымды істейін, тірлігіме кірісейін» дедім», – дейді актер.
Алайда Олжас Абай өмірінде бәрі жеткілікті болғанымен, сүйіктісімен арадағы түсініспеушіліктен кейін ештеңеге зауқы соқпай қалғанын жасырмады. Дәл осы сәт оған Дариғаның өміріндегі орнын түсінуге себеп болған.
«Аллаға шүкір, қазір жағдай да бар, бәрі жақсы. Құдайға тәубе, көлігім де бар. Халықтың қошеметі бар, атақ-абыройың бар. Әдемі тірлігіңді істеп кете берсең болады негізі. Ештеңе орнынан қозғалмай қалды ғой. Адам да, ғалам да қызық емес болып қалды. Сол кезде «менің адамым ба?» дегенді түсінген шығармын. Сол кезде сигнал келді. «Қой, онда шешіп, той қылайық» дедім», – деді Олжас Абай.
Осылайша актер той алдындағы келіспеушілік сүйіктісіне деген сезімін тереңірек түсінуге ықпал еткенін жеткізді.
Еске салайық, Олжас Абай мен Дариға Бадықова биыл қазан айында үйлену тойын өткізген болатын.