«Ғашықпын»: Әйгерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжанмен билеген видеосын жариялады

коллаж: madeniportal.kz

Шоу-бизнес
1756

Танымал әнші Әйгерім Қалаубаева белгілі актер Нұрлан Әлімжанмен құшақ биін билеген видеосын жүктеді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасымен оқырмандарын ойландырып қойды.

«Шіркін!!! Адам баласының бәрі «өтірік», «бірін-бірі алдау» , «сыртынан балағаттау» дегендердің не екенін білмесе гой... Мына әлем қандай керемет болар еді! Әрқашан бір-біріне сенім артқан жандар, еш боямасыз бейнелер, шынайы сезімдер мен ақ қағаздай таза да пәк өмір, бейкүнә періштедей адамдар...  Ия,ия,ия осындай шынайылықты армандаймын! Бүкіл адамзат ондай болмаса да, менің жанымда, айналамда сондай жандардың жүргенін қалаймын!!! Қасымдағылардың жүздерінен қаталдық, арамдық, өтірік, қулық сияқты дүниелерді көргім келмейді! Мен өз тарапымнан айналама арай шашқым келеді! Ешкімнің көңіліне дақ түсірмей, бәріне қорған бола алмасам да,әрқашан қолдау таба алатын жан болғым келедi...Мен адамдардың бәрін сүйемін, бәріне ғашықпын, бәрін жақсы көремін!!! Бұл менің шындығым...”-деген екен, Арай деген ару...», - деп жазды әнші Әйгерім Қалаубаева.

Айта кетейік, бұған дейін де өнер иесі Нұрлан Әлімжанмен бірге жүрген видеосын жүктеп, көпшіліктің сынына қалған еді.

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жол ережесін бұзған 32 жастағы жүргізушіні полиция қызметкерлері тоқтатады, деп хабарлайды MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарға кей өңірлерде әкімдік жергі...