Белгілі тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы адамның жас ерекшеліктеріне байланысты ой қозғап, қыз-келінше...
Мақпал Исабекова бала туғанын Үкіметке дәлелдей алмай жүр
Ашық дереккөзден алынған
Жақында екінші рет ана атанған танымал әнші Мақпал Исабекова баласының жөргекпұлын ала алмай отырғанын айтты, деп хабарлады madeniportal.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі жеке парақшасына видео жүктеп, «Электронды үкімет порталына бала туғанымды дәлелдей алмай жүрмін» деді.
“Алты айдан бері мемлекетке өзімнің босанғанымды дәлелдей алмай келемін. Мен босанғанға дейінгі төлемді, бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақыны, баламның ай сайынғы жәрдемақысын әлі алған жоқпын. Заң бойынша, басқа аналар сияқты, ол төлемдерді мен де аламын деп ойладым. Бірақ мені бір-біріне сілтеп, алдырмай отыр. 1414 нөміріне хабарласа алмадым. Egov.kz болса, «сіз құжат тапсырдыңыз, күтіңіз» деп отыр. Босанғалы алты ай болды, әлі күтіп отырмыз. Менің жеке кәсіпкерлігім бар. Салықтың бәрін уақытылы төлеп отырмын», – дейді әнші.
Эстрада жұлдызы жәрдемақыға қарап отырмаса да, басқа да мұқтаж аналардың бұлай қиналғанын қаламаймын дейді.
“Қолымды бір сілтейін десем, салықтың біреуін қалдырмай төлеймін. «Үйде бала тауып отыр ғой» деп ешкім менің жағдайымды ойлап жатқан жоқ. Мұндай жағдайда не істеу керек, қыздар?! Мен бұл жағдайды осылай жария қыламын деп ойлаған жоқпын. Бірақ онсыз да жұқарып отырған жүйкені жұқартты. Қағазбастылық деген біздің елде басым, 1000 анықтама талап етті. Бухгалтер екеуміз тапсыр деген қағаздарын тапсырдық. Халыққа қызмет көрсету орталығына бардық. Бірақ үсті-үстіне саған қысым жасайды. Бұл не сұмдық?! Менің күнім ол ақшаға қарамай-ақ қойсын, қарапайым халық не істейді? Өзіне тиесілі ақшасын алу үшін сәбиін қолына ұстап, мекеме аралап жүре ме?», – деп ашуланды өнер иесі.