Әлеуметтік желіде Аша Матайдың күйеуі, әнші Арман Қоңырдың Қытайда өзге қызбен бірге жүргені туралы...
«Кейде жылап аламын»: Төрт баланың анасы Жанель Мақажан жан сырын ақтарды
ашық дереккөз
Қазақстандық актриса Жанель Мақажан әлеуметтік желідегі парақшасында әйел болмысы, ана болу жауапкершілігі мен өмірдегі түрлі сезімдері туралы ой бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Өнер иесі әйел адамның бойында нәзіктік пен батылдық, әлсіздік пен төзімділік қатар жүретінін айтып, әртүрлі өмірлік жағдай оның жаңа қырларын ашатынын жеткізді.
«Әрбір әйелдің бойында нәзіктік пен батылдық, әлсіздік пен төзімділік қатар өріледі. Бірде нәзіктігімен баурап алса, бірде батылдығымен таңғалдырады. Бір сәтте ол қорғансыз болса, келесі сәтте күтпеген қайсарлық таныта алады. Өйткені әйел болмысы жалғыз мінезбен шектелмейді, әр жағдай оның жаңа қырын ашады. Бұл қасиеттер маған да тән. Кейде әкемнің ерке қызы болсам, енді бір сәтте төрт баласын өсіріп отырған қайсар анамын, ал кейде жылап алып, осалдығымды көрсетуге ерік беремін. Меніңше, әйелдің нағыз сұлулығы – барлық болмысын қабылдай алуында. Әйелдің қырық жаны бар деп осыны айтса керек», – деп жазды Жанель Мақажан.
Актрисаның айтуынша, әйелдің шынайы сұлулығы тек сырт келбетінде емес, өзінің күшті әрі әлсіз тұстарын бірдей қабылдай білуінде. Ол төрт баланың анасы ретінде өмірдегі әр рөлдің өзіндік жауапкершілігі мен ерекшелігі бар екенін жеткізді.