«Бөлек тұрғың келсе, өзің шық»: Жеңіс Ысқақова отбасына қатысты оқиғамен бөлісті

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
1019

Белгілі әнші Жеңіс Ысқақова ұлының алғашқы некесі, бұрынғы келінімен қарым-қатынасы және олардың бірге тұрған кезеңі туралы айтып берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Менің ұлым екі рет үйленді. Оны бүкіл Қазақстан біледі. Алғашқы некесінде келінім бөлек тұрғысы келді. Бірақ ұлым оған келіспей, ата-анасымен бірге тұратындарын айтты. Ол: “Егер бөлек тұрғың келсе, өзің бөлек шыға бер”, – деген».

Әншінің сөзінше, келіні мен ұлының арасындағы шешімге өзінің қатысы болмаған және көбіне жастардың өздері тұрған. 

«Бұл жерде менің ешқандай қатысым болған жоқ. Жастар үйде өздері тұрды. Ол кезде мен жұмыс бабымен Астанада тұрып жаттым. Бұл – екеуінің арасында болған әңгіме». 

Сондай-ақ, үйіне оралған соң бұрынғы келінінен отбасынан кету себебін сұрап ашық сөйлескен. 

«Мен қайтып келгенде бұрынғы келінімнен: “Не болды? Неге кетуге шешім қабылдадың?” – деп сұрадым. Ол: “Менің сізге ешқандай ренішім, талабым жоқ. Қазір заман осындай ғой”, – деп жауап берді».

СПОРТ

Павлодарда жекеменшік клубтар арасындағы волейболдан Қазақстан біріншілігі кезінде Шымкент волейбо...

Шоу-бизнес

Әнші Еркеш Хасенмен көңіл жарастырған актриса Жанель Серғазина әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіл...